Қарағанды облысындағы әкімдіктерде фронт-кеңселер ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов есеп беру кездесуінде алдағы уақытта мемлекеттік қызметкерлер жұмысында болатын өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз азаматтарымыз үшін кезекті тосқауыл емес, алғашқы көмекшілер болуға ұмтыламыз. Барлық әкімдіктерде, былайша айтқанда, фронт-кеңселер құруды шештік», - деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, бұл ашық әкімдіктер қағидаты. Барлық мемлекеттік қызметтер мен кеңес берулер бір терезе қағидаты бойынша көрсетілетін болады. Ол тұрғын үйге кезекке тұру, жер телімдерін алу, жәрдемақылар мен басқа да барлық мәселелерді қамтиды.

Әкім азаматтар үшін барлық қолайлы жағдай жасалатындығын айтып өтті.

«Біздің алға қойған және талпынып отырған мақсаттарымыз бар: ол, мысалы, пандустары мен жасыл желектері бар қауіпсіз, жарық және таза жаяу жүргіншілер жолдары төселген, үйден бір адым қашықтықта орналасқан ыңғайлы балабақшалар, мектептер мен емханалар; ол жұмыстан кейін спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға мүмкіндік беру. Ол қаланың немесе ауылдың кез-келген жастары оқуды жақсы оқыса, өзінің дамыуына барын жасаса, өз туған жерінде, өз облысында табысқа жетуге мүмкіндігі бар екеніне сенімді болуы, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, даму және өсуі үшін тең мүмкіндіктің болуы. Міне, осының барлығы болғанда, біз дұрыс жолда келе жатқанымызды түсінетін боламыз», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар