+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды

2020 жылғы 28 қыркүйек 17:22
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жылыту маусымы басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында биыл жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталды. Бірінші болып жылу облыс орталығы және серіктес қалалар, сонымен қатар бірқатар аудандарға беріледі. Осы аптаның соңында облыстың оңтүстігінде орналасқан аймақтарда жылу желілері іске қосыла бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жылу беру маусымының басталуы туралы облыстық ТКШ, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов онлайн режимде өткен аппараттық кеңесте баяндады.

«ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, ЖРВИ және Covid-19 ауруларының өсуіне жол бермеу мақсатында және температураның күрт төмендеуіне байланысты 25 қыркүйектен бастап Қарағанды және Шахтинск қалаларында жылу беру маусымы басталды. 1 қазанға дейін облыс орталығында барлық үйлер мен мекемелер қосылады. 28 қыркүйектен бастап Теміртау, Саран, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров аудандарында жылу беріледі», - деп хабарлады ол.

Қазгидромет болжамына сәйкес, облыстың оңтүстігінде осы аптада жылы ауа райы сақталады – шамамен 18 градус нөлден жоғары. Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал, Приозерск, Ақтоғай, Жаңаарқа, Шет және Ұлытау аудандарында жылыту маусымы 1-10 қазан аралығында басталады.

Жылыту маусымының басталуы штаттық режимде өтуде. Көмір мен мазуттың қоры жеткілікті. Жергілікті көздерден жылытылатын әлеуметтік нысандар көмірмен қамтамасыз етілген. Бюджеттік ұйымдардың отынға жалпы қажеттілігі 189,2 мың тонна. Бүгінгі күні 174 мың тоннадан астам отын жеткізілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 92,3 пайызы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT