Қарағанды облысында жыл соңына дейін 100 IT-сынып ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат- Қарағанды облысының колледждері мен мектептеріндегі 100 кабинет заманауи компьютерлермен жабдықталады, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Осының арқасында студенттер мен оқушылар бағдарламалауды, 3D модельдеуді және web-парақша құруды анағұрлым тереңірек меңгеретін болады.

Жаңа сыныптарда ІТ-теxнологияларды екі мыңға жуық оқушы білім алады деп жоспарланып отыр. Олар үшін дәрістер тегін жүргізіледі.

Өткен жылы Қарағанды облысында осы секілді 76 кабинет ашылды.

Заманауи компьютерлермен қалалар мен ауылдардағы барлық мектептерді жабдықтау көзделіп отыр. Бұл жаңартулар «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT - сыныптар» жаңа бастамашыл жобаларын жүзеге асыру шеңберінде өткізілетін болады. Қажетті теxника жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен сатып алынады.

Соңғы жаңалықтар