Қарағанды облысында жыл басынан бері жол апатынан 100-ден астам адам көз жұмған

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандылық полицейлер «Алматы-Екатеринбург» автожолында түнгі рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Telegram-каналына сілтеме жасап.

«Жолдардағы жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) алдын алу бойынша істеліп жатқан шараларға қарамастан, онда көз жұмған және зардап шеккен адамдардың саны азаймай тұр. Жыл басынан бері облыс бойынша 232 ЖКО болды, онда 103 адам көз жұмып, 266 адам жарақат алған», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Соңғы жаңалықтар