Қарағанды облысында жыл басынан бері 29 мың жұмыс орны ашылған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында халықты жұмыспен қамтуға қолғабыс ету нәтиже беріп жатыр. Жыл басынан бері өңірде түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы 29 455 жұмыс орны ашылды. Болжам бойынша жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы 4 мыңға артады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Әсем Жүнісбекованың айтуынша, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде медициналық мекемелердің ашылуы, Шет ауданында Күн электр станциясының құрылуы арқылы жаңа жұмыс орындары ашылған.
Жұмыс іздеп жүргендер «Нұрлы жер» бағдарламасымен құрылыс саласынан да жұмыс таба алады. Жуырда білім беру саласында бос жұмыс орындары ашылмақ. Өйткені өңірде жекеменшік балабақшалар мен қосымша білім мекемелері ашылуда.
«Еңбек» бағдарламасы өңірдің 7 000-нан астам тұрғынына көмегін тигізді. Осы бағдарлама арқылы түрлі сала мамандарымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледж түлектері кәсібін тапты.
«Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы бес мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Өнеркәсіпте 4 960 жұмыс орны ашылды. Шағын несиелердің арқасында 3 275 адам аграрлық сектордан нәпақасын тапты. Әсем Жүнісбекованың сөзіне қарағанда, ауыл тұрғындары ірі қара мен құс шаруашылығына ден қойып келеді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында ІТ саласында 100 жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың да жұмысқа орналасуына жәрдем беріліп жатыр.



Автор: Агата Мұхамеджанова



Соңғы жаңалықтар