Қарағанды облысында жыл басынан 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан Қарағанды облысында 1,1 трлн теңгеге өнім өндірілді. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәулікте «АрселорМиттал Теміртау» шахталарында 17 мың тонна көмір өндірілді, меткомбинатта 8,5 мыңнан астам болат, 7 мың тонна жалпақ прокат балқытылды. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары 9 млрд теңгеге өнім шығарды. Қарағандының көтерме және логистикалық орталықтарынан түрлі бағыттар бойынша 80-нен астам темір жол құрамдары мен автомашиналар жөнелтілді. Бұл нәтижелер біздің облысымыз еліміздің маңызды индустриялық, кәсіпкерлік және логистикалық орталығы болып табылатынын көрсетеді», - деді Қарағанды облысының әкімі

Өңір басшысының мәліметінше, жыл басынан Қарағанды облысында 1,1 трлн теңгеге өнім өндірілген. Өсім фармацевтика, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, қағаз және қағаз өнімдерін, тамақ өнімдерін өндіру сияқты салаларда байқалады.


Соңғы жаңалықтар