Қарағанды облысында жұмысшылар мінген автобус аударылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Жезқазған тас жолында «Қазақмыс» корпорациясының жұмысшылары мінген автобус аударылып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция берген мәліметтерге қарағанда, автобусты 50 жастағы жүргізуші басқарған. Оқиға Ұлытау ауданы Майқұдық аулынан 2 шақырымдай жерде  болған.

«Алдын ала ақпарат бойынша, жүргізуші жолдың көктайғақ болуына байланысты көлікті басқара алмай қалған. Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлімі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - дейді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Автобуста болған 24 жұмысшының 3-еуі емханаға жатқызылды. Қалған жұмысшылар аударылған автобустан өздері шыққан.

Соңғы жаңалықтар