+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржы бір жарым есеге артады

2019 жылғы 4 желтоқсан 09:10
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржы бір жарым есеге артады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын және моноқалалардың жолдарын жөндеуге 2020 жылға 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде құрылыс саласына салынған капиталдық инвестиция екі есе төмендеді ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде Елордадағы «бүкір көпір» опырылып құлады

Осы жылмен салыстырғанда қаржыландыру бір жарым есеге артады. Жол инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары қалалар мен ауылдарда «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өткізеді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтоновтың айтуынша, биыл облыстық және жергілікті бюджеттен бағдарлама бойынша автожолдарды дамытуға 4,1 млрд теңге бөлінген. 100 шақырымнан астам жол ретке келтірілді. Келесі жылы 120 шақырым кенттер ішіндегі және қала көшелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жол сапасын жақсартуға «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы да көмектеседі. Биылғы жылы Жаңаарқа, Ақтоғай және Ұлытау ауданында төрт жоба жүзеге асырылды. Қосымша қаражат есебінен 25 шақырым жол жөнделді.

«2020 жылы Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаров және Шет аудандарында 15 жобаны іске асыру қарастырылған. Ауылдық елді мекендерде 150 шақырым автожол ретке келтірілетін болады», – деді Әскербек Халтонов аппараттық кеңесте.

«Елбасының тапсырмасын орындау үшін республикалық бюджеттен жергілікті маңызы бар автожолдарды жөндеуді қаржыландыру жалғасады. Алға қойылып отырған міндет – 2025 жылға қарай жергілікті маңызы бар жағ,дайы жақсы автожолдардың үлесін 95%-ға жеткізу. Өңірлерді дамыту Бағдарламасын іске асыру облыстың моно және шағын қалаларының инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек алдағы жобалар үшін құжаттарды уақытылы дайындауды тапсырды.

«Келесі жылы республикалық бюджеттен жолдарды жөндеуге көп қаржы бөлінеді. Облыстық бюджеттен қаржыландыру да ұлғаюда. Біз өз тарапымыздан бәрін нақты пысықтауымыз керек. Жолдардың сапасын жақсарту басым бағыттардың бірі болып табылады», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Облыстың моно және шағын қалаларындағы автожолдардың жалпы ұзындығы 1427 шақырымды құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT