Қарағанды облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық тәртіп сақшылары 5 және 6 сәуірде облыс аумағында «Жолда қабылдау» атты мобильді акция өткізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті таратқан мәліметке қарағанда, акция өтетін күні өңірдің халық көп шоғырланатын жерлерінде арнайы жабдықталған автобустарда әкімшілік полиция, жергілікті және миграциялық қызметтердің басшылығы азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Тұрғындар қабылдау барысында полиция қызметкерлерінің әрекеттері, әкімшілік айыппұлдар, полиция көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы сауалдарын қоя алады.

Облыстың қалалары мен аудан орталықтарында 16 мобильді қабылдау пункттері қызмет етеді. Ол жерлерде келушілер сондай-ақ тіркеу-емтихан бөлімшелерінің, жол-техникалық қадағалау және әкімшілік тәжірибе қызметінің басшыларына сұрақ қоя алады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық облыстарда халықпен кері байланысты қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

null

Мобильді қабылдау орындары:

- Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Кеншілер мәдениет сарайы, Бұқар жырау даңғ., 32 үй;

- Қарағанды қ., Октябрь ауданы «Молодёжный» МҮ, 21 ықшам ауданы, 27/1 үй;

- Теміртау қ., «Аян Пассаж» СҮ аумағы, Тәуелсіздік к-сі, 24 үй;

- Теміртау қ., «Экспресс» базарының аумағы, Республика даңғылы, 20 үй;

- Шахтинск қ., Мәдениет сарайы, Абай даңғылы, 48 үй;

- Саран қ., Мәдениет сарайы, Жамбыл к-сі, 69А үйі;

- Жезқазған қ., «Астана» СҮ аумағы, Алашахан к-сі, 24 үй;

- Сәтпаев қ., «Сулпак» дүкенінің аумағы, Сәтпаев даңғылы, 122 үй;

- Балқаш қ., Мәдениет сарайы, Ленин к-сі, 43 үй;

- Қаражал қ., ХҚКО, Абай к-сі, 3 үй;

- Абай ауданы, ХҚКО, Абай к-сі, 56 үй;

- Бұқар жырау ауданы, МҮ алаңы, Қазыбек би к-сі;

- Қарқаралы ауданы, Мәдениет сарайы, Әубәкіров к-сі, 33 үй;

- Шет ауданы, ХҚКО, Жәнібеков к-сі, 23 үй;

- Осакаров ауданы, ХҚКО, Пристанционная к-сі, 13 үй;

- Жаңаарқа ауданы, ХҚКО, Тәуелсіздік к-сі, 23 үй.

Соңғы жаңалықтар