Қарағанды облысында жолаушылар пойызы 27 жастағы жігітті қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жолаушылар пойызы 27 жастағы жігітті қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан сол жерде жан тәсілім етті. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға Осакаровка елді мекеніне кіре берісте орын алған. Ер адам тыйым салынған жерден өтіп бара жатып «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының астына түсіп қалған.

Қазір болған оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК 344-бабына сәйкес тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кету керек, жыл басынан бері темір жолдың тыйым салынған жерінен өткен 7865 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктік полиция хабарлағандай, небәрі 3 ай ішінде 33 қайғылы жағдай орын алған. Олардың жартысы адам өліміне әкеп соқты. 3 жағдайда балалар жапа шекті. 2 бүлдіршін қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар