Қарағанды облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды-Жезқазған трассасында жолаушылар автобусының түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«№3 автопаркі» ЖШС-не қарасты «Yutong» автобусы 20 маусым күні 16-00-дер кезінде №170 «Қарағанды-Жәйрем» бағытымен кетіп бара жатқан. Көлікте 49 жолаушы болған.

Белгісіз себептерге байланысты Ақой ауылының маңында көліктің қозғалтқышы өртене бастаған. Жолаушылардың өртті сөндірмек болған әрекеттерінен ештеңе шықпады. Өрт жолаушылар салонын да қаулай бастаған. Бұдан соң жолаушылардың жүксалғыштан заттарын алып, қауіпсіз жерге барып тұрғаннан басқа еш амалы қалмаған.

«Мерт болған немесе зардап шеккендер жоқ. Біз өрт туралы хабарды естіген соң бірден қосалқы автобус жібердік»,-деді «№3 автопаркі» ЖШС диспетчерлік қызметі.

Автобустың неліктен өртенгендігін Өртке қарсы күре және апаттан құтқару қызметінің өкілдері анықтауда.

Соңғы жаңалықтар