Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жолаушылар  автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«21 қараша күні таңертеңгі сағат 8-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында, «Қызылорда-Павлодар» автожолының 982 шақырымында «Қушоқы ауылы-Қарағанды» бағытында қатынайтын, ішінде 45 адамы бар жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысты», - деді ол.

Оның айтуынша, Қарағанды облыстық ТЖД жедел құтқару қызметі мен апаттық медицина орталығының қызметкерлері жол апаты салдарынан автобустың ішінде қысылып қалған 2 жолаушыны құтқарған.

«Апат орнында 1990 жылы дүниеге келген бір жолаушы қаза тауып, 9 адам, оның ішінде бір бала түрлі дене жарақатымен Қарағандының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

null 

Соңғы жаңалықтар