Қарағанды облысында жол құрылысы үшін екі зауыт іске қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жанаарқа ауданында жергілікті кәсіпкер ұсатып-сұрыптау және асфальтбетон зауыттарын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Екі зауыттың құрылысына дайындық мерзімін қосқанда 3 ай кетті. Кәспорынның зауыттық өнімділігі сағатына 80 тоннаны құрайды. Жыл басынан Қарағанды-Жезқазған жолын орташа жөндеуге және Атасу-Қаражол  автожолын асфальттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біз мердігерлер ретінде, сондай-ақ, материалдарды жеткізушілер болғандықтан, іске араласудамыз», - деді «Арқа Құрылыс 2009» ЖШС директоры Серік Базарбаев.

Екі зауытта 30 шақты адам жұмыс жасайды, қызметкерлердің 80 % - жергілікті тұрғындар. Кәсіпкер бұл іске өз қалтасынан 60% қаражат қосқан, қалған сома - банктан алынған қарыз. Жобаның жалпы құны 200 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ, кәсіпкер аталмыш зауыттардың өңірдің жол құрылысына тигізер ықпалына тоқталды.

Екі зауыт та заманауи техникамен жабдықталған. Қытайдан әкелінді. Онда кабина және басқару құрылғысы бар. Егер қандай да бір ақаулар анықталып жатса, мониторда барлығы көрінетін болады. Бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынның жұмысы автоматтандырылды», - деді С.Базарбеков.

Соңғы жаңалықтар