Қарағанды облысында «Жол картасын» жүзеге асыруға қарастырылған қаржы 34 560 адамды жұмыспен қамтуға негізделген

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарағанды облысында «Жол картасын» жүзеге асыруға 13 миллиард теңге қарастырылған.

Бұл өз кезегінде 34 560 адамды жұмыспен қамтуға негізделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда, еңбекпен қамтудың аймақтық бағдарламасы үш бағыт бойынша жүріп жатыр. Біріншісінде 434,3 миллион теңге  әлеуметтік жұмыс орындарына арналған. Бүгінде осы бағытта 4 836 адам жұмыспен қамтылған.

 Екіншісінде 251 миллион теңге жастар тәжірибесіне жоспарланған. Бағдарламаның бұл желісінде 2 790 адам жұмысқа тартылған. Сондай-ақ соңғы бағытында 12 миллиард 190 миллион теңге инвестициялық жобаларда 27 мың адамды еңбекпен қамтуға арналған.

 Жалпы «Жол картасы» аясында облыста түрғын үй коммуналдық жүйесін дамытуға 1363 миллион теңге жоспарланған. Ал автомобиль жолдарын жөндеп, жаңартуға 1094 миллион теңге  бөлінді. Осы бағытта 1498 адам жұмысқа тартылды. Мектептер мен ауруханалардың және басқа да әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға 9221 миллион теңге қарастырылды. Бұл өз кезегінде 21 мыңнан астам жұмыс орнын құруға жол берді.

Мұнымен қоса елді мекендерде, ауылдық жерлерде  әлеуметтік басым жобаларды жүзеге асыруға 515 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржы  146 елді мекендегі 188 нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар