Қарағанды облысында «Жол картасы» аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген 400-ден астам нысан пайдалануға берілді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарағанды облысында қазіргі уақытта «Жол картасы» аясында жөндеу жұмыстары жүргізілген 610 нысанның 419-ы пайдалануға берілді.

 Оның ішінде 245-і - білім беру нысандары, 13-і - спорттық ғимараттар, 20-сы - мәдениет, сондай-ақ 122-сі ауылдық жерлердегі әлеуметтік-мәдени нысандар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ал қалған 191 нысанда бүгінде жөндеу жұмыстары жалғасуда және олар белгіленген кесте бойынша уақтылы тапсырылады деп күтілуде.

 Айта кетейік, «Жол картасының» басты бағыттарының бірі - кадрларды даярлау және қайта даярлау шаралары. Жобаларды жүзеге асыру үшін облыс бойынша  4279 адам оқытылды. Қайта даярлауға бөлінген жалпы қаржы 104 млн. 407 мың теңгені құрап отыр.

 Биылғы жылғы қыркүйектен бастап экспортқа негізделген өндірістер үшін 320 адамды оқыту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл мақсатқа 61 млн. 580 мың теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар