Қарағанды облысында «Жол картасы» аясында пайдаланылған материалдар қазақстандық мөлшер бойынша іске асырылды

None
None
АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысында «Жол картасы» аясында аймақтағы автомобиль жолдары 1 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландырылды.

Осының арқасында 28 жолды жөндеу барысында 1,5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Атап айтқанда жол құрылысына пайдаланылған материалдардың 100 пайызы қазақстандық мөлшер аясында іске асырылды. Осы орайда бұл бағыттағы шаралар отандық өндірушіні қолдауға, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуда оң серпін берді.

Денсаулық сақтау саласында облыста 2,6 миллиард теңгеге 52 нысанға жөндеу жұмыстары жасалатын болады.

Ал білім беру саласында барлық 245 нысан бойынша мемлекеттік сатып алулардың конкурстары уақтылы жасалған. Бүгінде бұл бағытта 8 мыңнан астам адам жұмысқа тартылды. Орташа жалақы көлемі 37 641 теңгені құрады.

Жөндеу жұмыстары 195 мектепте, 18  кәсіби лицейде және 6 колледжде, 11 балабақша мен 15 балалар үйінде жүргізілді.

«Жол картасын» жүзеге асыру аясында тек білім беру нысандарындағы жөндеу шараларына қазақстандық мөлшердегі материалдарды сатып алуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар