Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында жеңіл көлік жүргізушісі жөнделіп жатқан жол учаскесіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазатайым оқиға 12 тамызда сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Балқаш-Гүлшат» автожолында болды.

«Subaru жеңіл көлігінің 65 жастағы жүргізушісі ескерту белгілерінің болуына қарамастан, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 47 жастағы ер адамның басқаруындағы Shacman жүккөлігімен соқтығысты. Бұл уақытта жүк көлігі жолдың осы бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Көлік апаты салдарынан «Subaru» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сай сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облысының тәртіп сақшылары жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жылдамдық режимін асырмауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар