+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

2021 жылғы 5 наурыз 16:05
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында «Газель» мен қалааралық автобус соқтығысты. Жарақат алған үш адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда электр самокатының қатысуымен болатын жол апаты жиілеп кетті Үш айда жол-көлік апатынан 4 мыңға жуық адам зардап шекті ШҚО-да көлік аударылып, 4 адам зардап шекті

5 наурызда түнгі сағат 1-лер шамасында Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінен 30 шақырым қашықта «Алматы-Екатеринбург» автожолында «Газель» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, «Тараз-Нұр-Сұлтан» бағытымен келе жатқан 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «VAN HOOL» маркалы автобуспен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан «Газель» автокөлігінің жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы, сондай-ақ 37 жастағы автобустың екінші жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апаты кезінде автобуста төрт жолаушы болған», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін сақтауды және жылдамдықты асырмауды ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT