Қарағанды облысында жол апатынан ерлі-зайыптылар мерт болды

None
None
БАЛҚАШ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Балқаш қаласы маңында жүк тартқыш көлік жолдан шығып кетіп, аударылды. Апат салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен оның жұбайы қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30 маусым күні сағат 15.45-те «Балқаш-Сарышаған» автожолында «DAF FT XF-105» жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болған.

Полицейлердің айтуынша, жүк тартқыш көлік Балқаш қаласынан Сарышаған ауылына қарай жол тартқан.

Кентке 50 шақырым жетпей 61 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, жол шетіне аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 57 жастағы жолаушы (жұбайы) оқиға орнында қайтыс болды. Факт полицияда тіркеліп, процессуалдық шешім қабылданатын нәтиже бойынша тиісті сараптамалар тағайындалады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар