Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 ақпан күні Теміртау қаласынан 3 шақырым қашықтықта Астана қаласына бағыт алып бара жатқан «Ауди 100» автомобилінің 39 жастағы жүргізушісі өзге «Ауди 80» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан «Ауди 80» автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, көліктің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, «Ауди 100» автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты шектен тыс асырған.

«Теміртау-Астана» тасжолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар