Қарағанды облысында жол апатынан 8 адам қаза болып, 9-ы ауруханаға түсті

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан 8 адам қаза болды. Тағы 9 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 16 шілде күні сағат 03.20 шамасында Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Алматы -Екатеринбург» тасжолында болды. MAN жүк көлігі мен Mercedes Sprinter шағын автобусы соқтығысқан. Алматыдан Қарағанды қаласына бағыт алған жолаушылар көлігінде 17 адам болған.

«Жол-көлік апаты салдарынан оқиға орнында 7 адам қаза тапты. Тағы 1 адам ауруханаға барар жолда жедел-жәрдем көлігінде мерт болды. Сонымен қатар әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 9 адам жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Алдын ала болжам бойынша Mercedes Sprinter автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кеткен.

«Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады», - деді полициядан.


Соңғы жаңалықтар