Қарағанды облысында жоғалып кеткен балықшы екі тәуліктен соң табылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында құтқарушылар Аққұм түбегінде екі тәулік болған балықшыны тікұшақ көмегімен құтқарып қалды деп хабарлады аймақтық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

«24 қарашада сағат 23.24-те «112» қоңырауына таңертең «Крым» моторлы қайығымен Балқаш көліне балық аулауға шыққан 37 жастағы ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келесі күні құтқарушылар мен жергілікті балықшылар су аумағын тексергенімен, іздеу нәтиже бермеді. 26 қарашаның таңында іздеу жұмыстарына ҚР ІІМ ТЖК «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратынша, Аққұм түбегін аралап ұшып кезу кезінде құтқарушылар балықшыны анықтап, оны «Ми-8» бортына отырғызып, Балқашқа жеткізді. Құтқарылған ер адам медициналық көмектен бас тартты. «Балық аулау кезінде дауыл көтерілді. Мен түбекке қарай бет бұрғанымда, қайығым жағадан жүз метр жерде мұзға тіреліп, тұрып қалды. Қайықтың ішінде түнеуге тура келді. Таңертең жағаға жетіп, онда бос тұрған қыстақты таптым», - дейді балықшының өзі. Қолында еш байланыс құралы болмаған соң оған көмек жеткенше күтуге тура келген.

Соңғы жаңалықтар