Қарағанды облысында жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу басталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алдағы уақытта барлық аулалар ретке келтірілмеді. Облыста жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы өңір басшысы Ерлан Қошанов халықпен есептік кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақында Мемлекет басшысы «жол тек тұрғындардың үйлеріне дейін жеткенде ғана салынған» деп танылады деген болатын. Үйімізден шыққан бетте көретініміз үйдің маңындағы аула. Тек облыс орталығында ғана 300 аула бар. Өткен жылы 100 ауланы жөндеуден өткізіп, алдағы екі жылда тағы да 200-і абаттандырылады. Жалпы «өңірде 2018 жылы 250 аула аумағын абаттандырдық. Сондай-ақ, өткен жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден өткізу жұмыстары екі есе көп өткізілді - 2017 жылы 370 шақырым болса, 2018 жылы 800 шақырым жол жөнделген, - деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Өңір басшысының айтуынша, жалпы облыс бойынша 1 200 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөнделген, ол 2017 жылға қарағанда бір жарым есе артық. Осы жобалардың арқасында 2 500-ден астам адам жұмысқа орналасты.

«Орталық-Оңтүстік» көлік дәлізін қайта жаңарту жалғасуда. Теміртау - Қарағанды учаскесінің автобаны пайдалануға беріледі. Көктемде Қарағанды-Балқаш 4 жолақты автобанының құрылысы басталады», - деді Ерлан Қошанов.

Әкімнің айтуынша, биыл Қарағандының айналма жолын ашу жоспарланып отыр. Бұл жобаның құны 35 млрд теңге. Ол жаңа жол көлік ағындарын жеңілдетуге және экологияны жақсартуға мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, Қарағанды арқылы тәулігіне 22 мың транзиттік көлік өтеді.

Соңғы жаңалықтар