Қарағанды облысында жекелеген нысандардың жұмыс уақытына енгізілген шектеу алынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында бизнестің бірнеше түрі үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, аталған барлық нысан облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 17 қазандағы қаулысына сәйкес 22.00-ге дейін жұмыс істеп келген болатын.

Жаңа қаулы бойынша, 21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысы жоқ кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақытына қатысты шектеулер алынып тасталады. Соның ішінде шинажөндеу және автожуу орталықтарына, техникалық қызмет көрсету станцияларына санитарлық нормаларды күшейте отырып, уақытша шектеулерсіз жұмыс істеуге рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар