Қарағанды облысында «жасыл» энергетика қалай дамуда

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «жасыл» энергетика үлесін 2030 жылға қарай 30% дейін жеткізу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінен мәлім еткендей, өңірде жалпы қуаттылығы 200 МВт болатын төрт күн электр станциясы іске қосылған.

Баламалы энергия көздері: Саран қаласында (қуаты - 100 МВт), Гүлшат (40 МВт), Ақадыр (50 МВт) және Кеңгір (10 МВт) кенттерінде орналасқан.

Сонымен қатар, өңірде Ынтымақ су қоймасында биогаз станциялары мен шағын су электр станциясы жұмыс істейді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша барлық жаңартылатын энергия көздері бойынша жалпы өнім шамамен 300 млн кВт/сағ құрады және 2019 жылмен салыстырғанда 70,5% ұлғайды.

«Сондай-ақ, өңірдің энергетикалық кешені биыл тағы бір күн электр станциясымен толықтырылуы тиіс. Облыс әкімдігі «KAZ GREEN ENERGY» ЖШС-мен бірлесіп, Балқаштағы «Қоңырат» шағынауданына жақын жерде қуаты 100 МВт КЭС салу жобасын іске асыруда. Станция жылына 170 млн кВт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда.

Іске қосудың бірінші кезеңінің аяқталу мерзімі (50 МВт) - 2021 жылғы тамыз. Келесі 50 МВт осы жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде», - деді Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, аталған күн электр станциясының арқасында көмірқышқыл газының шығарындылары жылына 170 мың тоннаға азаяды.


Соңғы жаңалықтар