+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

2021 жылғы 19 шілде 18:45
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында онлайн форматта өңір басшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңес барысында жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және өңірдің жастар ресурстық орталықтарының қызметі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Риддерде үйі өртеніп кеткен отбасылар жаңа баспанаға көшті «Жайлы тұрғын үй» қазақстандықтардың баспана жағдайын жақсарта ала ма Сенат комитеті ауылда тұру жағдайын жақсарту, жастардың қалаға кетуін төмендету мәселелерін талқылады

Бүгінде облыста 8 мыңға жуық жас тұрғын үй кезегінде тұр.

«Тұрғын үй алуға кезекте тұрған жастардың жалпы санынан көпшілігі жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жатады. Олар үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша 2020–2022 жылдарға арналған тұрғын үймен қамтамасыз етудің Кешенді жоспары әзірленді. Бірінші жартыжылдықта 72 пәтер берілді», – деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов.

Сондай-ақ, отырыста жас мамандар үшін қолжетімді ипотека туралы мәселе көтерілді. Қазір жұмыс критерийлерін анықтау үшін «Отбасы банкпен» келіссөздер жүргізілуде.

«Жастар ипотекасы» өңірлік бағдарламасы жас қарағандылықтарды қолдаудың маңызды құралына айналады. Өкілдері жеңілдетілген ипотекалық несиелендіруге үміттене алатын мамандықтар тізімін мұқият қарастыруды тапсырамын», – деді Жеңіс Қасымбек.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT