+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

2021 жылғы 8 сәуір 07:25
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жастар тәжірибесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі Роза Бағлановаға ескерткіш орнату туралы ұсынысты қолдауды тапсырды Қарағанды облысында өзгенің малын 174 млн теңгеге сатып жіберген бақташылар ұсталды ШҚО-да қыс кезінде мектептерде 71 рет сабақ өткізілмеген

Орта кәсіптік, техникалық және жоғары оқу орындарының 2019, 2020 және 2021 жылғы түлектері жастар тәжірибесіне шақырылады. Тәжірибеге жасы 29-дан аспаған, соңғы үш жыл аралығында оқуын бітірген, жұмыссыз жүрген жастар қамтылады.

Жастар тәжірибесі мерзімінің ұзақтығы – 6 айдан аспайды.

Ай сайынғы жалақы көлемі 25 АЕК құрайды.

Жастар тәжірибесіне қатысу үшін тұрғылықты орны бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына барып, өтініш тапсыру қажет. Сонымен қатар келесідей құжаттарды ұсыну керек:

– жеке куәліктің көшірмесі;

– еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);

– техникалық және кәсіби, орташадан жоғары, жоғары және ЖОО-нан кейінгі білімін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қосымша ақпарат алу үшін қалалар және аудандардағы жұмыспен қамту орталықтарына жүгіну қажет. Сонымен қатар толығырақ ақпаратты Қарағанды қаласының Жұмыспен қамту орталығының Instagram-дағы парақшасынан және (8-7212) 996-402 телефоны арқылы алуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT