+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жас ақындар арасында халықаралық айтыс өтті

2019 жылғы 3 желтоқсан 12:12
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жас ақындар арасында халықаралық айтыс өтті

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Сәтпаев қаласында «Ұлы дала үні» атты халықаралық айтыс өтті. Өнер додасына еліміздің әр өңірінен және Моңғолия, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасынан ақындар келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайдағы ақындар айтысының жеңімпазы анықталды Қостанайдағы ақындар айтысының финалына шыққандар белгілі болды Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық айтыс мәреге жетті

Айтысты ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай жүргізді. Кеш барысында қала басшысы Асқар Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушы ақындарға сәттілік тіледі. Аламан айтысқа төраға болып келген белгілі ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағаның төрағасы Жүрсін Ерманның иығына ата дәстүрден жаңылмай шапан жабылды. Айтысқа бас-аяғы 18 ақын келді. Моңғолия, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасынан келген айтыскер ақындар да сахнаға шықты.

Ақтық сынға 18 ақыннан 10 ақын өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша астаналық Нартай Тілеуқұл, қызылордалық Шыңғыс Құдайберген, түркістандық Дәурен Ысқақ, ақтөбелік Данияр Алдаберген, қарағандылық Ботпай Доскей, жезқазғандық Ботагөз Мұхиден, Моңғолиядан келген Іңкәрбек Әділхан, Қырғызстаннан келген Садырбек Тұрдыбек сөз бәйгесіне қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды. Әр ақынға 50 мың теңгеден сыйақы табысталды. Сондай-ақ, ерекше көзге түскен екі ақынға 60 мың теңге көлемінде арнайы жүлде берілді. Олар – елордалық Рай Дөңбай мен алматылық Жібек Шахмардан.


Сонымен қатар Шынболат Ділдебаев атындағы арнайы жүлдеге Қытайдан келген ақын Бүркітқазы Әліпбек, Шымкент қаласынан келген Абдырауф Орал және семейлік Айшолпан Тілеутай ие болды. Шынболат ақынның отбасы атынан аталған үш ақынға 70 мың теңгелік сертификат табысталды. Арнаулы ІІІ орынға Павлодардан келген Нұрқанат Қайрат пен жаңаарқалық Сырым Бейсенбек ілікті. Қатар шапқан қос ақынға 150 мың теңгелік сертификат тапсырылды.

Жүлделі ІІ орынды Сәтбаев қаласының намысын қорғаған ең жас ақын Абзал Мақаш иеленді. Ақынға 300 мың теңге көлемінде жүлде берілді. І орынға Шығыс Қазақстан облысының ақын қыз Жұлдызай Маратбек ие болды.


Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде Тараз қаласынан келген танымал ақын Қанат Мырзаханға бұйырды. Бас жүлдегерге 1 млн теңге көлемінде сыйақы табысталды.

Марапаттау салтанаты соңында қала басшысы Асқар Ыдырысов құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаз атанған ақындарды құттықтады. Жүрсін Ерман сөз алып, үздік деп танылған 10 ақынды айтыскерлер мен жыршылар одағына қабылдайтынын айтып өтті.

«Ұлы дала үні» халықаралық айтысы «Nur Otan» партиясының және облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің тікелей қолдауымен өтті.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT