Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Қарағанды облысында жан түршігерлік жол апатынан екі жігіт қаза тапты

2018 жылғы 12 шілде 13:43 157
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында жан түршігерлік жол апатынан екі жігіт қаза тапты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы аумағында, «Қарағанды - Шахтинск» автожолында жан түршігерлік жол апаты болды. КамАЗ бен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аялдамадағы жол апаты: тірі қалған адамның беті бері қарады Алматы облысында көлік апатынан екі адам мерт болды

«11 шілде күні 22:00-де Қарағандыны бетке алған «Фольксваген гольф» автомобилінің 21 жастағы жүргізушісі 53 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан «КамАЗ - 5320» жүк көлігімен соқтығысқан», - деп мәлім етті Қарағанды облыстық ІІД өкілдері.

Апат салдарынан «Фольксваген гольф» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан, ал 17 жастағы жолаушы Шахтинск орталық ауруханасында жантәсілім етті. Жеңіл көліктегі тағы екі жолаушы ауруханада жатыр.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тиісті сараптамалар белгіленді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT