Қарағанды облысында жалпы өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жалпы өлім-жітім 7,7 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте осы өңірдің әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

«Жалпы өлім-жітім 7,7 пайызға, туберкулез ауруынан өлім-жітім 10 пайызға, қан айналымы жүйесі дертінен өлім-жітім 32 пайызға төмендеді»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, қатерлі ісік ауруларынан өлім-жітім 11,8 пайызға азайған. Сонымен қатар нәрестенің шетінеуі орташа республикалық көрсеткіштен төмен, яғни 9,3 пайызды құрап отыр.

Н. Әбдібеков жыл сайын медициналық тексеруден өңірде 500 мыңнан астам адам өтетіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар