Қарағанды облысында зейнеткерлерді жауыздықпен өлтірген қылмыскер сотталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірген қылмыскерге үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот айыпталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 2-бөлігі, 188-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 25 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілейді. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемелерінде өтейді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам пластик терезелерді орнатуға тапсырыс берген 78 жастағы ер адамның денесіне 5 рет пышақ салған, оның 74 жастағы жұбайын 13 жерінен пышақтаған. Қылмыскер пәтерден 40 мың теңге ақша және зейнеткерлердің зейнетақысына арналған Халық банкінің 2 картасын қолды қылып, ізін суытқан.

Соңғы жаңалықтар