Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 16 млн теңге табыс тапқан

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел іздестіру барасында 2018 жылдың қаңтар айынан 2020 жылдың мамыр айына дейін Жезқазған және Сәтпаев қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған 4 адамнан тұратың ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Заңсыз айналымнан әртүрлі ойын жабдықтарының 160 аса жиынтығы тәркіленіп, қылмыстық әрекеттен келген табыс 16 млн теңгеден астам соманы құрады.

Анықталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар