+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қарағанды облысында заңсыз ауланған 4 центнер балық тәркіленді

2020 жылғы 16 қаңтар 14:41
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында заңсыз ауланған 4 центнер балық тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция қызметкерлері құжатсыз 400 келі балық тасымалдамақ болған екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда көлігінің жүксалғышына екі еліктің етін тиеп алған браконьер ұсталды Түркістан облысында үш күнде браконьерлікке қатысты 43 жайт анықталды Атырауда бір топ браконьерден 11 келі қара уылдырық тәркіленді

Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шашубай ауылынан 10 шақырым жерде 39 жастағы жүргізуші тізгіндеген «Ниссан Патрол» маркалы автокөлігін ұстады.

Автокөліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 300 келі болатын 6 қап балық тәркіленді.

Сондай-ақ, табиғат қорғау полициясының қызметкерлері Ақтоғай ауданының аумағында Балқаш қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады. Оның «Toyota Surf» маркалы автокөлігінен салмағы 110 келі болатын 3 қап балық табылды.

«Ұсталған азамат балықты заңсыз аулағанын мойындады. Балық ауланған жерден 400 метр тор тәркіленді. Екі факті бойынша ҚК 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Балық шаруашылығы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT