Қарағанды облысында волонтерлердің жұмысын үйлестіретін орталық ашылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында волонтерлердің жұмысын үйлестіретін «Qoldau» аймақтық ресурстық орталығы ашылады.

Бұл туралы өзініңFacebook парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін облысымыздың еріктілерімен кездестім. Олардың қатарында оқушылар, студенттер мен ересектер, зейнет жасындағы адамдар да бар. Олардың біразы көп жылдан бері өтеусіз және ерікті жұмыспен айналысып, ардагерлерге, жалғызбасты адамдарға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жетім балаларға көмек көрсетіп келеді.
Биылғы жылы барлық еріктілердің жұмысын үйлестіру үшін «Qoldau» аймақтық ресурстық орталығы ашылады.


Сондай-ақ, «Әлеуметтік студенттік ваучер» жобасы аясында студент-еріктілердің жұмсаған қаражат шығындарын өтеу қолға алынып отыр»,-деп жазды әкім.

Оның жазуынша, біздің Қарағанды облысында барлығы 89 волонтерлік топ жұмыс істейді.

«Жыл соңына қарай біздің облыстың әрбір тұрғыны ұлттық еріктілер қозғалысының бір бөлігіне айналады деген сенім мол»,-дейді әкім.


Соңғы жаңалықтар