Қарағанды облысында волонтерлер картоп өсіріп, мұқтаж жандарға таратты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында «Үзілмес үміт» тобының еріктілері қайырымдылық бақшасынан 30 қаптан астам картоп жинап, оны жалғызбасты қарт адамдарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер көктемде «Еңбегіне қарай өнбегі» бақшасын отырғызып, жаз бойы оған күтім жасаған. Ал күзде өз еңбегінің жемісін мұқтаж жандарға үлестірді.

«Қайырымдылық бақшасын отырғызу идеясын еріктілер бірауыздан мақұлдады. Биыл картопты біздің досымыз Ахметхан Бекболаттың жер теліміне тесті режимінде отырғыздық. Барлық жиналған өнім мұқтаж адамдарға таратылды», - дейді Бұқар жырау ауданы жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәдина Сұлтанғали.

Келесі көктемде еріктілер бақшаға басқа да көкөністерді отырғызуды жоспарлап отыр.




Соңғы жаңалықтар