Қарағанды облысында волонтерлер 32 мың тоннадан астам қоқыс жинады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат –Қарағанды облысында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған сенбілік өтті. Оған 30 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен және «Almighty ecology» ҚҚ-мен бірлесіп сенбілік ұйымдастырды. «Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында қоқысты жинауға еріктілер, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және облыстың белсенді тұрғындары қатысты.

Қалдықтар одан әрі арнайы ұйымдарға тапсыру үшін бөлек жиналды. Қоқысты шығару үшін қалалар мен аудандардың әкімдіктері техникалар ұсынды. Осы ауыр көліктер рұқсат етілмеген полигондарды тазартуға да тартылды.

Сондай-ақ, облыстық Экология департаменті жыл сайынғы «Таза болса табиғат – аман болар адамзат» республикалық байқауының қорытындысын шығарды. Биыл аталмыш шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

6-8 жас санатында Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушісі Артем Айзенах жеңіске жетті. 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында бірінші орынды «Теміртау» балалар ауылынан Сымбат Сапарғалиқызы иеленді.

Сондай-ақ, Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Виолетта Коллар 13-16 жас аралығында үздік деп танылды.

Жеңімпаздар грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, олардың фотосуреттері мен суреттері қаланың билбордтарына қойылады.


Соңғы жаңалықтар