Қарағанды облысында волонтер жылының салтанатты ашылуы өтті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда Достық үйінде «Волонтер – бұл өмір салты» атты Волентер жылының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға қоғамдық ұйымдардың, білім беру, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері бойынша басқармаларының басшылары, Қарағанды облысының ТЖД және ПД өкілдері, сондай-ақ «VolteQ», «Шаңырақ», ҚХА жанындағы Қазақстанның еріктілер лигасының филиалы, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы, Саран қ. еріктілер қозғалысының орталығы, «АбайТеам», «Unusualstars» және т. б. сияқты облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан еріктілер қозғалысының өкілдері қатысты.

Іс-шара басталмас бұрын Достық үйінің Атриум залында Қарағанды облысының ТЖД жедел қызметтерінің арнайы жабдықтарының көрмесі, сондай-ақ ТЖ алдын алу бойынша үгіт-насихат материалдары ұсынылды. Мұнда ТЖД қызметімен танысуға, сүңгуір және құтқару жабдықтарын, өрт сөндірушінің жауынгерлік киімін, тыныс алу аппаратын, жылу шағылыстырғыш костюмді, реанимация жүргізуге арналған манекенді, медициналық төсеуді, Вакуумдық және пневмошиналарды көруге мүмкіндік туды. Көрме волонтерлік қозғалыстар өкілдерінің қызығушылығын тудырды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін Қарағанды облысының ТЖД өкілдері жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Достық үйінің концерт залында еріктілермен «ТЖ-ның алдын алуда және олардың салдарын жоюда еріктілердің рөлі» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

«Халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, өрт қауіпсіздігін және су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы волонтерліктің жоғары адамгершілік негізі - адамдардың бір-біріне көмектесуге деген ынтасы. Нәтиже — құтқарылған азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі», - деп атап өтті ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ бөлім бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ербол Байғазиев.

Семинар барысында азаматтық қорғау қызметкерлері еріктілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету және өрт, су тасқыны кезіндегі іс-қимыл туралы айтып берді. Іс-шара қызу әңгіме түрінде өтті. Залда волонтерлерге микрофондар таратылды және әрбір ниет білдіруші семинар тақырыбына өз сұрақтарын қоя алды. Іс-шара аясында «алғашқы өрт сөндіру құралдары», «жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары» атты бейнероликтер көрсетілді, ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер пысықталды.


Соңғы жаңалықтар