Қарағанды облысында вакцина салдырғандар арасында жүлделер ойнатылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Абай ауданында 1 қарашада вакцинацияланғандар арасында ұялы телефон және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Шараны жергілікті Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұтыс ойынына қатысу үшін 1 қарашаға дейін Абай қаласының орталық ауруханасында коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алу қажет.

«Вакцинацияланғандардың тізімін бізге Абай Орталық ауруханасы ұсынады. Ұтыс ойынын біз 1 қарашада @abaizhastary Instagram-парақшасында тікелей эфирде өткіземіз. Жеңімпаздар кездейсоқ анықталады», – деді Абай ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі Ольга Куку.

Ұтыс жеңімпаздары ұялы телефон және басқа да бағалы және ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ шипажайға жолдамалар алады.


Соңғы жаңалықтар