+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қарағанды облысында вакцина алғандар шипажайда тегін демала алады

2021 жылғы 24 маусым 20:56
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында вакцина алғандар шипажайда тегін демала алады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Қаражал қаласы мен Жаңаарқа ауданында коронавирусқа қарсы вакцина алғандар арасында шипажайға жолдамалар мен бағалы сыйлықтар ойнатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин Қазығұртта бірнеше тойхана иесі карантин режимін бұзған - Түркістан облысы Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны тағы көбейді

Қаражалда ұтыс ойыны 11 маусымда басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады. Оның қорытындысы апта сайын бейсенбі күні сағат 16:00-де @karazhal.mso Instagram-парақшасында тікелей эфирде шығарылады. Бағалы сыйлықтар тізімінде микротолқынды пештер, мультипісіргіштер, тағамдық процессорлар және электр шәйнектері бар.

«Алғашқы нәтижелер 18 маусымда шығарылды. Ұтыс ойынына Қаражал мен Жәйрем кентінің 150-ден астам вакциналанған тұрғыны қатысты. Лотереяны өткізудің ашықтығын Қаражалдың Құрметті азаматы Мешітбай Омаров, қалалық мәслихат депутаты Артем Ким және демеуші компанияның учаске бастығы Алексей Карташев бақылады. Жеңімпаздар Еркебұлан Исмаилов, Александра Шваб және Мейрамгүл Базылова болды. Келесі эфирлер 24 маусымға, 1, 8 және 15 шілдеге жоспарланған», – деп хабарлады Қаражал әкімдігінде.

Келесі ұтыс ойынының қатысушылары 18 маусымнан кейін екпе алатын Қаражал және Жәйрем тұрғындары бола алады. Олардың тізімін байқау ұйымдастырушыларына қала мен кенттің вакцинация пунктері ұсынады.

Жаңаарқа ауданының вакциналанған тұрғындары арасында «Сарыағаш» шипажайына жолдамалардың ұтыс ойыны 19 маусымда басталды. Акцияның мақсаты – тұрғындарды вакцина алуға ынталандыру және пандемиямен күресу болып табылады.

«Бірінші компонентті алу үшін вакцинация орталығына келген тұрғындарға арнайы нөмірленген билеттер таратылады. Қатысушы билетті сақтап, @zhanaarkazhastary Instagram-парақшасында өтетін тікелей эфирге міндетті түрде қатысуы тиіс. Екпе алушылар саны 500 адамға жеткен кезде тікелей эфир уақыты қосымша хабарланатын болады», – деп атап өтті Жаңаарқа ауданы әкімдігінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT