+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Қарағанды облысында вакцина алған студенттер ұтыс ойынына қатысады

2021 жылғы 2 қазан 03:34
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында вакцина алған студенттер ұтыс ойынына қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының бүкіл жоғары оқу орындарының студенттері арасында он MAXVAXBOX ойнатылады. Конкурсқа қатысу үшін коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір компоненті болуы және JasproKrg Bot телеграм-ботында тіркелуі қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Вакцина алған жүкті әйелден құрсағындағы сәбиге антидене беріледі – дәрігер Атырау облысында 400-ге жуық адам Pfizer вакцинасын салдырды Коронавирус вакцинасы адамның генетикалық кодын өзгерте алмайды – ғалым

Жеңімпаздар кездейсоқ сандар генераторы арқылы @Jasprokrg парақшасында тікелей эфирде анықталады.

Алғашқы бес бокстың ұтыс ойыны 15 қазанда өтеді. Конкурсқа қатысу үшін 14 қазанға дейін тіркелу қажет.

Екінші кезеңге тіркелу 16–30 қазан аралығында болады. Бес MAXVAXBOX-тың бақытты иелері 31 қазанда анықталады.

Қатысу шарттары:

- плакатта көрсетілген QR бойынша немесе осы сілтемеге өтіңіз.

- Start ботын қолдануды бастаңыз;

- қалаған тілді таңдаңыз;

- MaxVax айдарына өтіңіз;

- «ұтыс ойынына қатысу» түймесін басыңыз;

- сілтеме бойынша өтіп, тіркеліңіз.

Тіркелгеннен кейін қатысушыға нөмір беріледі.

Нәтиже Instagram-дағы @Jasprokrg парақшасында тікелей эфирде жарияланады.

Сондай-ақ Қарағанды техникалық университеті өз студенттері мен магистранттары үшін ұтыс ойынын өткізеді.

Жүлделер арасында:

-2022 жылдың жазына «Политехник» спорттық-сауықтыру лагеріне 30 тегін жолдама;

- Көктемгі семестрде ағылшын тілін үйренуге 30 сертификат;

- 32 Гб арналған 30 USB жинақтауышы.

Ұтыс ойынына қатысу үшін 7 қазанға дейін вакцинация төлқұжатын zhasorda@kstu.kz электронды мекенжайға жіберу арқылы тіркелу қажет.

Хатта аты-жөнін, тобын және ұялы телефон нөмірін көрсету керек.

Нәтиже 15 қазанда @jasorda.ktu Instagram парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT