Қарағанды облысында үздік учаскелік полицей анықталады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 6-18 маусым аралығында ең үздік тәртіп сақшысы таңдалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлық ішкі істер бөлімдерінде «Қарағанды облысының үздік учаскелік полиция инспекторы - 2019» байқауы өтуде.

Жеңімпаз бірнеше талап бойынша бойынша анықталады. Олардың қатарында жергілікті тұрғындардың сенім деңгейі бар. Айталық, шағымдар мен өтініштерді қарау сапасы мен мерзімдері және азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауы да ескеріледі.

Байқау комиссиясының құрамына полиция органдарының басшылары мен жұртшылық өкілдері кіреді.

Жеңімпаз «Үздік учаскелік полиция инспекторы» республикалық байқауына қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар