Қарағанды облысында үстел теннисі орталығы ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында үстел теннисі орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үстел теннисі федерациясы жұмысының негізгі бөлігі – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ауыл-аймақта, өңірлерде үстел теннисі спортын қолжетімді ету. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамытып, теннисшілердің шеберліктерін шыңдау болып табылады. Республикалық федерация үстен теннисінен тек қана жарыстарды ұйымдастырып қана қоймай, заман талабына сай спорт нысандарын ашуды арқылы елімізде осы спорт түрін дамытуда. Осыған орай Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында жаңадан үстел теннисі орталығы ашылды», - делінген ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында.

Мәлім етілгендей, орталықта Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 40 спортшысы шеберліктерін шыңдай алады.

«Қарқаралылықтар (жаттықтырушы Әлия Әмірханова) соңғы уақытта облыстық және республикалық додаларда көш бастап жүр. Ал 11 жасар Юрана Ибраева үнемі үздіктер қатарынан көрінуде. Сонымен қатар, оқушылар арасында 12 жасар Ескендір Мақатай мен Зейнұр Қанатұлы Қарағанды облысының құрама командасының намысын абыроймен қорғап келеді», - деді комитеттен.


Соңғы жаңалықтар