Қарағанды облысында үш адам оқ жарақатымен ауруханаға түсті

None
None
ШАХТИНСК. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының Шахтинск қаласында жанжал барысында үш ер адам оқ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

24 қаңтар күні Шахтинск қаласындағы дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал туындаған. Салдарынан 33-53 жас аралығындағы қаланың үш тұрғыны оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

«Полиция қызметкерлері 28 жастағы қала тұрғынын ізін суытпай ұстады. Ол бұзақылық ниетпен травматикалық қарудан оқ атқанын мойындады. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар