Қарағанды облысында «Ұлы дала мұрасы» халықаралық фестивалі өтеді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Елбасының «Қоғамдық сананы жаңғырту» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары шеңберінде халықаралық мұражайлар фестивалі ұйымдастырылады. Шара 11-13 маусым күндері Жезқазған аймағында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальдің бастамашысы - Қарағанды облысының әкімдігі және Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы. Шараның басты мақсаты - тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу, қазақ халқының тарихын зерттеу, Ұлы дала өркениетін жаңғырту.

Фестивальге отандық және шетелдік мұражайлар мен мұрағаттардың өкілдері қатысады. Түркия, Мысыр, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Моңғолиядан делегаттар келеді деп күтілуде.

«Ұлы дала мұрасы» халықаралық фестивалінің ашылу рәсімі 11 маусым күні сағат 10.00-де Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының алаңында (Алашахан көшесі, 22) болады.

Бағдарлама аясында «Тарихта өз есіміңді қалдыр» акциясы, шеберлік-сыныптар, мұражай қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер, Ұлытау маңына экскурсиялар ұйымдастырылады. Фестивальде шетелдік және отандық мұражайлардан раритеттер, бірегей жәдігерлер көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар