Қарағанды облысында тыйым салынған бұлақтың суын пайдалануға рұқсат берілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Жалғызқұдық ауылының тұрғындарына мамандар елді мекендегі бұлақты қолдануға рұқсат етті. Бұған дейін оны нитраттардың жоғары болуы байланысты қолдануға тыйым салған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Су тасқыны салдарынан Бұқар жырау ауданында орналасқан Жалғызқұдық ауылындағы бұлақта нитраттардың жоғары екендігі анықталған болатын. 2018 жылдың сәуірінде зертханалық тексеру барысында микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері тексерілді. Сынама нәтижесі бойынша, су барлық санитарлық талаптарға сәйкес келеді», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Бір ай бұрын мамандар мен жергілікті атқару органдарының өкілдері бұлақтың басына арнайы ақпараттық тақта іліп, бұл суды қолдануға тыйым салған еді.

Соңғы жаңалықтар