Қарағанды облысында тұрғын үйдегі өрт бірнеше сағат бойы сөндірілді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды, Абай және Саран қалаларының өрт сөндіру қызметінің мамандары Ақтас кентідегі көппәтерлі үйлердің бірінде болған өртті сөндіруге жұмылдырылып, бірнеше сағат бойы ашық жалынмен күресті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 желтоқсанда сағат 18.21-де Ақтас кентінде Гастелло көшесі бойындағы екі қабатты 8 пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Алғашқы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келген кезде үйдің төбесі ашық жалынмен жанып жатқан.

Жалынның жайылып кетуіне байланысты онымен күрес қиындай түскен. Өрт 400 шаршы метр аумақты шарпыған. Негізінен шатырдың ағаш құрылымдары жанған. Оттың одан әрі жайылу қаупі болды.

«Саран қаласында 16 шақырым қашықтықта орналасқан 24-ӨСБ алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі сағат 18:43-те келді. «101« диспетчерлерінің қоңыраулары бойынша Қарағанды қаласынан 10-ӨСБ бөлімшесі қосымша жіберілді (қашықтық 20 шақырым). Оқиға орнына келгеннен кейін, өршіген өрт пен оны сөндірудің күрделілігін ескере отырып, күрделілік дәрежесін 2 бис-ке дейін көтеру туралы шешім қабылданды. Өрт орнына Қарағанды және Абай қалаларынан қосымша күштер жіберілді», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД жеке құрамынан 38 адам және 9 техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралармен өрт 20:00-де сөндірілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің себебі шатырдағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.


Соңғы жаңалықтар