+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қарағанды облысында «Туған жер» арнайы жобасына 1,5 млн адам қатысты

2019 жылғы 14 сәуір 17:34
Бөлісіңіз:
Қарағанды облысында «Туған жер» арнайы жобасына 1,5 млн адам қатысты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Соңғы екі жыл ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы шеңберінде 400-ге жуық іс-шаралар мен жобалар іске асырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туған жер» - қазақстандықтарды туған өлкесін жандандыруға және дамытуға жұмылдыру, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жоба. Арнайы жоба іске қосылған сәттен бастап Қарағанды облысында 2,8 млрд теңге сомаға 378 жоба мен іс-шара жүзеге асырылды. Бұл шараларға өңірдің 1,5 миллионға жуық тұрғыны қатысты.

«Рухани жаңғыру» ұғымын дұрыс түсіну керек. Көптеген қазақстандықтар оны кезекті мемлекеттік бағдарлама ретінде қабылдайды. Және стратегиялық бағдарлама деп ойлайды. Бұл қате пікір. Рухани жаңғыру-бұл әр қазақстандықтың бойында жақсы қасиеттерді, патриотизм мен елімізді өркендетуге тәрбиелеу. Оны белгілі бір мерзімде орындалуы тиіс міндетті бағдарлама ретінде қабылдаудың қажеті жоқ. Бұл ұзақ мерзімді бағдарлама. Отанымыз үшін жасап жатқан барлық нәрсе жүректен шығуы керек. Егер де Сіз өз балаларыңызды қоқыс тастамауға, ол қоқысты арнайы жәшіктерге жинауға үйретсеңіз де, бұл "Туған жер" бағдарламасына қосқан үлесіңіз деп білу керек, - дейді «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнар Құрбанбаева.

«Туған жер» арнайы жобасының аясында Қарағанды облысының дамуына жергілікті кәсіпкерлер де үлкен үлес қосуда. Олардың көмегімен саябақтар мен гүлзарлар абаттандырылды, аулаларда балалар алаңдары орнатылды, белгілі тарихи және әйгілі тұлғалардың құрметіне ескерткіштер мен монументтер қойылып, қалалар мен аудандарда спорттық кешендер, сауықтыру орталықтары жөнделді және салынды, сондай-ақ бірқатар қайырымдылық акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Бағдарламаға 245 кәсіпкерлік қызмет субъектілері қатысты, оның ішінде 137 жеке кәсіпкер, 16 шаруа қожалығы, 92 ірі және орта бизнес субъектісі бар. Олардың көмегімен Балқаш қаласында сауықтыру бассейні пайда болды, ол балалар мен мүгедектер үшін тегін. Жақында кәсіпкерлер Қарағанды қаласының маңында велотрек салуды жоспарлап отыр. Бұл ірі жобалардың тек аз ғана бөлігі. Ауқымды жобалардан басқа, арнайы жоба аясында ай сайын туған өлкені жақсарту бойынша ондаған іс-шаралар өткізіледі.


null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT