Қарағанды облысында тізімдегі халықтың 77% дауыс берді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында референдумға қатысу көрсеткішінің алдын ала қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аумақтық комиссиялар ұсынған дерекке сәйкес, 5 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енген азаматтардың 77,39 пайызы бюллетень алған.

Шет ауданының тұрғындары жоғары белсенділік танытты – дауыс бергендердің үлесі 87,1% құрады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында 777 учаске жұмыс істеді.

Референдумға 880 мың қатысушы тіркелді.

Дауыс беру процесін партиялар мен қоғамдық бірлестік бақылаушылары қадағалады.


Соңғы жаңалықтар