Қарағанды облысында темекі тұқылын тастағаны Германия азаматына айыппұл салынды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Абай қаласында көшеге темекі тұқылын тастағаны үшін Германия азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Сот қаулысымен Германия азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлімінде қарастырылған «ұсақ бұзақылық» бойынша құқық бұзушылыққа айыпты деп танылып отыр. Шетелдік азамат 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл төлеу жазасына тартылды», - деп хабарлады Абай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Айыппұлды шетелдік азамат Германияға кеткенше төлеуге міндетті.

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, ортақ қолданыстағы жерлерді, саябақтарды ластау және белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтар тастау, сондай-ақ, қоғам мен қоғамдық тәртіпті құрметтемеуді көздейтін тағы басқа әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Соңғы жаңалықтар