Қарағанды облысында талшықты оптикалық байланыс желілерінің құрылысы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин 4G стандартындағы базалық станцияның іске қосылуымен танысу үшін өңірге арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағаны облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пионерское ауылына орнатылған базалық станция тек осы ауылды ғана емес, сонымен бірге жақын маңда орналасқан Центральное ауылында жоғары жылдамдықтағы Интернет байланысымен қамтуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде еліміздің ірі байланыс операторлары іске асырып жатқан «оптоталшық» құрылысының нәтижесінде өңірге 876 км. Талшықты оптикалық байланыс желілері (ТОБЖ) төселіп, 36 ауыл (барлығы 121 аурухана, мектеп, әкімдік) кеңжолақты Интернетпен қамтылды.

Ауылдарды ТОБЖ технологиясы бойынша жылдамдығы жоғары Интернетпен қамтамасыз ету жобасы 2018 жылы басталып, еліміздің төрт өңірінде: Батыс Қазақстан, Атырау және Павлодар облыстарында толығымен аяқталғанын айтып өткен жөн. Бүгін олардың қатарына Қарағанды облысы қосылды.

Бағдат Мусиннің айтуынша, еліміздегі ірі өнеркәсіп ошақтары көп өңірдің бірінде «оптоталшық» төсеу жұмыстарын аяқтау өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға ықпал етеді.

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, өз кезегінде ТОБЖ жобасын одан әрі іске асыру нәтижелерімен және алдағы жоспарларымен бөлісті.

« Жоба 2,5 мыңға жуық мемлекеттік мекеме жұмыс істеп жатқан 828 ауылға деректерді берудің барлық технологияларының арасында сапасы ең жоғары және үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін «оптоталшықты» жеткізуді көздейді. Ол үшін біз еліміз бойынша 14,5 мың км байланыс желісін төсеуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде 12 мың км-ден астам желі төселіп, 632 ауылдық елдімекенде ТОБЖ-ға 1900-ден астам мектеп, аурухана, әкімдік, полиция бөлімшелері және басқа да мемлекеттік мекемелер қосылды « , - деді Қуанышбек Есекеев.

Бұл жоба қазақстандық ауылдарды ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір ауқымды «250+» жобасын іске асыруға ықпал етеді. Бағдат Мусин осы екінші жоба аясында Kcell ұялы байланыс операторының Пионерское ауылында базалық станцияны орнату жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысты. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысын ауылда базалық станция орнатылғаннан кейінгі перспективалардан хабардар етті.

Сонымен қатар, делегация сапар барысында Пионер ауылындағы балалар үйіне барып, компьютерлік сыныппен, Осакаров ауданының қоғамдық қабылдау бөлмесінің қызметімен танысты.

Сапар барысында Бағдат Мусин «Террикон алқабы» IT-hub жобасын әзірлеушілермен кездесті. Бұл қазақстандағы үздік әзірлеушілер мен IT-саласының мамандарын біріктірген бірегей жоба.

« Осы жоба аясында айналысып жатқан жұмыстарыңыздың бәрі –қазіргі уақытта өте өзекті. Мен өз әріптестерімді, цифрландырушылар мен жаңашылдарды көріп тұрмын. Біздің жастар өте креативті және келешегінен зор үміт күтеміз, дегенмен олардың жобаларын жүзеге асыруына, өзін-өзі дамытуына жағдай жасау керек. Міне осындай жобалар оларға көмектеседі. Өздеріңіз білетіндей, елімізде Astana hub IT-стартаптарының ірі технопаркі жұмыс істейді. Қазір ол 100%-ға толық. Олардың стартап бастамаларын халықаралық сарапшылар да бағалап үлгерді. Қазір біз осындай бастамалардың қажеттілігін көріп отырмыз, яғни сіз дұрыс бағыт ұстандыңыз « , - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Жоба жұмысын жоғары бағалаған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин бұл бастамалардың әсіресе жастардың «цифрлық идеяларын дамытуға айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар